Шет ауданының кейбір елді-мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 01/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 ақпандағы № 2/22 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 17 наурызда № 6247 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі мен Шет аудандық мәслихаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ ЖӘНЕ ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақшоқы ауылының бекітілген жер-шаруашылық орналастыру жобасына байланысты, Шет ауданының Ақшоқы ауылының (№2 ауыл) шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін, ауылдың солтүстік, шығыс және оңтүстік бөлігінен 2 846 га азайтылсын және 717 га көлемі бекітілсін.

      2. Үңірек ауылының бекітілген жер-шаруашылық орналастыру жобасына байланысты, Шет ауданының Үңірек ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін, 4 849 га ауылдың солтүстік-шығыс бөлігінен азайтылсын, 1447 га ауылдың оңтүстік бөлігінен, 2 435 га ауылдың шығыс бөлігінен қосылсын және 15605 га көлемі бекітілсін.

      3. Сарыши ауылының бекітілген жер-шаруашылық орналастыру жобасына байланысты, Шет ауданының Сарыши ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін, Сарыши ауылының батыс бөлігінен 8 877 га азайтылсын және 11 135 га көлемі бекітілсін.

      4. С. Сейфуллин атындағы кенттің бекітілген жер-шаруашылық орналастыру жобасына байланысты, Шет ауданының С.Сейфуллин атындағы кентінің шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін, Шет ауылдық округінің жерінен 970 га, Өспен ауылдық округінің жерінен 696 га, Бұрма ауылдық округінің жерінен 1 434 га қосылсын және 10 942 га көлемі бекітілсін.

      5. Шет аудандық мәслихаты мен Шет ауданы әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына (төрағасы – Ғ.Мукушев) және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданы әкімі М. Мухтаров
      Сессия төрағасы Г. Мукушев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Тулеукулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады