Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 21/80 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 20 мамырда № 6337 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 15/78 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының 20.04.2023 № 15/78 қаулысымен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындар анықталсын.

      2. Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 22/1 "Приозерск қаласында көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 3904 болып тіркелді, 2016 жылғы 5 тамызда № 31/467 "Приозерский вестник" газетінде, 2016 жылғы 9 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Приозерск қаласы әкімінің міндетін атқарушысы Д. Саденов

  Приозерск қаласы
әкімдігінің
2021 жылғы 14
мамырдағы
№ 21/80
Қаулға қосымша

Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындары

Сауда орындары

1

Кисунько көшесі, № 13/3 үйдің алдында

2

Дружба Народов көшесі, № 2 үйдің алдында

3

Космонавттар көшесі, № 1/2 үйдің және Балқаш көшесі, № 2/2 үйдің алдында

4

Озерная көшесі №16, "Березка" дүкенінің алдында

5

Р.Қошқарбаев көшесі, № 7/1 және 7/2 үйлерінің алдында

6

Ағыбай батыр көшесі, № 2 үйдің алдында

7

Жеңіс бульвары, № 36, 34 үйлерінің алдында

8

Кисунько көшесі № 2/1 мәдениет-ағартушылық және ойын-сауық мекемесі ғимараттының алдында орналасқан қалалық орталық алаң

9

Кисунько көшесі № 2 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының ғимараттының алдында орналасқан қалалық кіші алаң


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады