Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 14.05.2021 № 21/80 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Приозерск қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.
2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 25/234 "Приозерск қаласында көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2407 болып тіркелген, 2013 жылғы 8 қарашадағы № 45/326 "Приозерский вестник" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | Д. Сәденов |
Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы " 23 " маусымдағы № 22/1 қаулысына қосымша |
Приозерск қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындары
№ | Сауда орындары |
1 | Кисунько көшесіндегі № 13/3 үйінің алдында |
2 | Дружба народов көшесіндегі № 2 үйінің алдында |
3 | Космонавттар көшесіндегі № 1/2 және Балқаш көшесіндегі № 2/2 үйлерінің алдында |
4 | Озерная көшесіндегі "Березка" дүкенінің алдында |
5 | Рақымжан Қошқарбаев көшесіндегі № 7/2 үйінің алдында |
6 | Абай көшесіндегі № 7 және Ағыбай батыр көшесіндегі № 3 үйлерінің алдында |
7 | Бауыржан Момышұлы көшесіндегі № 12/1 үйінің алдында |