"Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №280-53/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 24-4/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 8260 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 199-28/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 01.11.2024 № 199-28/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерiн айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №280-53/4 шешiмiне (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7054 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердің эталонды бақылау банкiнде 2019 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті ІV сессиясының төрағасы М. Абдукаликов
      Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы И. Кутухуджаев

  Қызылорда қалалық мәслихатының
  2021 жылғы 26 наурыздағы № 24-4/4
  шешіміне қосымша
  Қызылорда қалалық мәслихатының
  2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 280-53/4
  шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері (бұдан әрі-Тәртіп) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қызылорда қаласындағы жалғыз тұрғынжай ретiнде меншiк құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тiркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектiсiн басқаруға және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, оның iшiнде кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуға;

      мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн шығыстарды төлеуге берiледi.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегi кондоминиум объектiсiн басқаруға және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, оның iшiнде кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетiлетiн қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде көрсетiлетiн байланыс қызметтерiн тұтынуға, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегi аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiн басқаруға және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, оның iшiнде кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге жеткiзушiлер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.

      3. Тұрғын үй көмегi Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң "Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi-уәкiлеттi орган) тағайындалады.

      4. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) және "электронды үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн Филиалға немесе порталға тоқсанына бiр рет жүгiнуге құқылы.

      4-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегiн көрсету туралы шешiм қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру мерзiмi Филиалдан немесе порталдан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегiз жұмыс күнiн құрайды.

      5. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн Филиалға және/немесе портал арқылы өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды қоса бередi:

      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн түпнұсқасы берiледi);

      2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алынатын мәлiметтердi қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретiнде тiркелуi туралы анықтама;

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәлiметтер;

      6) банктiк шоты;

      7) кондоминиум объектiсiн басқаруға және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, оның iшiнде кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеугеай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;

      10) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн шығыстар туралы шот.

      5-1. Филиал арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

      5-2. Осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Филиал қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

      5-3. Портал арқылы өтiнiш жасаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, хабарлама жiберiледi.

      5-4. Филиал өтiнiштi ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға жiбередi.

      5-5. Уәкiлеттi орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс емес екенiн анықтау негiзiнде тұрғын үй көмегiн беруден бас тартады және өтiнiш берiлген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге портал не Филиал арқылы дәлелдi бас тартуды жiбередi.

      5-6. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы шешiмдi не кызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелдi жауап Филиалға немесе электрондық құжат ретiнде "жеке кабинетке" жiберiледi.

      6. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      7. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      8. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындау төмендегi пайдалану нормасына сәйкес жүргiзiледi:

      1) электр энергиясын пайдалану нормалары 1 айға:

      1 адамға - 45 киловатт-сағат;

      2 адамға - 90 киловатт-сағат;

      3-4 адамға -100 киловатт-сағат;

      5 және одан да көп мүшесi бар отбасына - 150 киловатт - сағат;

      2) газ пайдалану нормалары 1 айға:

      5 адамға дейiнгi мүшесi бар отбасына - 10 килограмм;

      5 адамға және одан да көп мүшесi бар отбасына - 20 килограмм;

      3) отын пайдалану (көмiр) от жағу маусымына - әр отбасына бiр айға 0,5 тонна;

      4) ыстық және салқын су - ай сайын 1 адамға тариф бойынша;

      5) тұрғын үйдi күтiп ұстау ай сайын:

      1 адамға - 18 шаршы метр;

      жалғыз тұратын адамдар үшiн - 31 шаршы метр;

      6) жылумен жабдықтау ай сайын:

      1 адамға - 18 шаршы метр;

      жалғыз тұратын адамдар үшiн - 31шаршы метр;

      7) тұрмыстық қалдықтар шығару - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      8) кәрiз қызметтерi - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      9) әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi №512 "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қаулысына сәйкес жүргiзiледi;

      10) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде;

      11) лифт - әр отбасына тариф бойынша;

      12) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      10. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есепшоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады