"2021-2023 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы" Арал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 480 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 46 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 мамырда № 8342 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2021-2023 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы" Арал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 480 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8102 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2021-2023 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 23 018 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1 290 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 0;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

      трансферттер түсімдері – 21 728 мың теңге;

      2) шығындар – 23 813,3 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -795,3 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 795,3 мың теңге".

      Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясының төрағасы А. Садуакасова
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Б. Турахметов

  Арал аудандық мәслихатының
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 46 шешіміне қосымша
  Арал аудандық мәслихатының
2020 жылғы "31" желтоқсандағы
№ 480 шешіміне 1-қосымша

Сапақ ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджеті

Санаты

Сомасы,
мың теңге


Сыныбы



Ішкі сыныбы




Атауы

1

2

3

4

5




1. Кірістер

23 018

1



Салықтық түсімдер

1 290


04


Меншiкке салынатын салықтар

1 290



1

Мүлiкке салынатын салықтар

17



3

Жер салығы

26



4

Көлік құралдарына салынатын салық

1 247

2



Салықтық емес түсімдер

0

3



Негiзгi капиталды сатудан түсетін түсімдер

0

4



Трансферттердің түсімдері

21 728


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

21 728



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

21 728

Функционалдық топ

Сомасы,
мың теңге


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




Атауы




2. Шығындар

23 813,3

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

18 429


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

18 429



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

18 429

05



Денсаулық сақтау

25


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

25



002

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыру

25

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1 859,3


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1 859,3



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

832



009

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету

232



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

795,3

13



Басқалар

3 500


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

3 500



040

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру

3 500




3. Таза бюджеттік кредит беру

0




Бюджеттік кредиттер

0

5



Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

-795,3




6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

795,3

8



Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

795,3


1


Бюджет қаражаты бос қалдықтары

795,3



01

Бюджет қаражаты бос қалдықтары

795,3


2


Есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары

0



01

Есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады