"Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 152 қаулысына және Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 120 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 48 бірлескен қаулысы және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 17 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 наурызда № 8164 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 152 қаулысына және Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 120 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5937 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 31 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағындағы "19201,0 гектар" деген сөздер "19210,0 гектар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы К. Назымбеков
      Қазалы аудандық мәслихатының кезектi ІІ сессиясының төрағасы Ж. КОЛАНОВА
      Қазалы ауданындық мәслихат хатшысы Б. ЖАРЫЛҚАП

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады