"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Ж. Омаров |
2021 жылғы 4 наурыздағы № 249 | |
қаулысына 1-қосымша |
2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы |
Жұмыскер | Квотаның мөлшері (пайыз) жұмыскерлердің тізімдік санынан |
1 | "Ораз Ахун ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 117 | 2 |
2 | "Тұрмағамбет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 240 | 3 |
3 | "АНК-Дәулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 11 | 1 |
4 | "Урумбасаров" жеке кәсіпкері | 3 | 1 |
5 | "Думан" жеке кәсіпкері | 5 | 1 |
2021 жылғы 4 наурыздағы № 249 | |
Қаулысына 2- қосымша |
2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы |
Квотаның мөлшері (пайыз) жұмыскерлер | |
1 | "Қармақшы құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 14 | 1 |