“Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Жалағаш ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы №244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 252 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қарашада № 6494 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 26.08.2021 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Жалағаш ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 244 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі №6050 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      “Жайылымдар туралы” Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:”.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады