Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 06.12.2021 № 526 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Р. Рустемов |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 19 қаңтардағы № 159 | |
қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік саны | Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі(%) |
1 | "Сұңқар" шаруа қожалығы | 20 | 0,2 |
2 | "Әділет-Д" шаруа қожалығы | 10 | 0,1 |
3 | "Жер-Мұра" шаруа қожалығы | 5 | 0,05 |
4 | "Дархан-2006" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | 0,1 |
5 | "Дос" шаруа қожалығы | 5 | 0,05 |
6 | "Тұрабай" жеке кәсіпкер | 6 | 0,06 |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 19 қаңтардағы № 159 | |
қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік саны | Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі(%) |
1 | "Тұрабай" жеке кәсіпкер | 6 | 0,06 |
2 | "Нұр-Шах" дара кәсіпкер | 5 | 0,05 |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 19 қаңтардағы № 159 | |
қаулысына 3-қосымша |
2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік саны | Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі(%) |
1 | "Жаңақорған ауданының білім бөлімінің Н.Илялетдинов атындағы №169 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 159 | 1 |