Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 55 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 наурызда № 8226 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Төменарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдық округі, Төменарық ауылындағы атауы жоқ көшеге "Іскендір Құдияров" есімі берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі Н. Кошкарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады