"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес, Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округі, Бесарық ауылындағы атауы жоқ көшеге "Қаратау" атауы берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Ә. Абдуллаев |