Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Машбек Нәлібаев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 121 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 сәуірде № 8312 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Машбек Нәлібаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақорған ауданы, Машбек Нәлібаев ауылдық округі, Ақжол ауылындағы атауы жоқ №2 көшеге "Әмірбек Бөлеков" есімі берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Машбек Нәлібаев ауылдық округінің әкімі О. Ильясов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады