Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 107 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 8310 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына және "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық меншіктегі ұйымның үлесі жекешелендірілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сырдария ауданының әкімі Т. Дуйсебаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 21 сәуірдегі № 107
  қаулысына қосымша

Жекешелендірілетін аудандық коммуналдық меншіктегі ұйым – "Сырдария - Нұрдаулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Объектінің атауы

Жекешелендіруге берілетін қатысу үлесінің мөлшері, %

Жекешелендірудің
түрі

Іске асырылу мерзімі, жыл

1

"Сырдария-Нұрдаулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51

Тендер

2021 жылғы қараша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады