Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/440 "Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 30/358 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 тамызда № 3978 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 3/50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.05.2021 № 3/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 "Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10131 болып тіркелген), сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 10-11-257 ақпараттық хатының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/440 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2952 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидасында:

      10 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласында қызмет атқаратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау органдарды жаңадан алынып жатқан (алынған) жануарды (жануарларды), оны (оларды) өткізу туралы олар белгіленген пунктке келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.";

      36 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "36. Бейнеу ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар ("Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті Бейнеу ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі) жүзеге асырады.".

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Маңғыстау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А. Меңдібаев) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Меңдібаев
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады