Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттаудың Ережесі туралы" 2014 жылғы 5 ақпандағы № 14/218 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 2365 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтаудың Ережесін бекіту туралы";
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттаудың Ережесінде:
мемлекеттік тілдегі 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі бекітілсін.";
осы Ереженің мемлекеттік тілдегі қосымшасындағы "марапаттау", "марапаттауға", "марапатталады" деген сөздер "наградтау", "наградтауға", "наградталады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |