Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Ақтау қаласы прокуратурасының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 2-11-20-03546, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 05-14-1651 ұсыныстарының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 21/201 "Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2478 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқықтық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Жүсіпов).
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ғ. Әбдісадық |
Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы | С. Зәкенов |
Ақтау қалалық мәслихатының | |
2021 жылғы 14 сәуірдегі | |
№ 2/15 шешіміне қосымша | |
Ақтау қалалық мәслихатының | |
2014 жылғы 6 маусымдағы | |
№ 21/201 шешіміне қосымша |
Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және қаланың Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.
2. Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және өзге мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.
3. Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде қаланың өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен мен басқа да ұйымдарымен ұсыныстар енгізіледі. Наградтауға кандидатуралар еңбек ұжымдарымен қаралып, ұсыныла алады, бұл жөнiнде награда бетшесіне жазылады.
4. Награда бетшесінде наградталушының жеке басын, оның жұмыс істеген саладағы және осы ұжымдағы жалпы еңбек өтiлiн, сiңiрген нақты еңбегін сипаттайтын деректер, жұмысының тиiмдiлiгi мен сапасы туралы мәлiметтер баяндалады.
Награда бетшесіне ұйым басшысымен қол қойылады.
Награда бетшелері оларға басшылығы қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен бекітіледі.
Қала әкімі орынбасарларының, Өмірзақ ауылы әкімінің және Ақтау қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері басшыларының наградтау бетшесіне қала әкімінің аппарат басшысымен қол қойылады.
5. Құрмет грамотасымен наградтауды алдын-ала қарап, ұсыныстар әзірлеу үшін келіп түскен құжаттар қала әкімі жанынан құрылған Наградалар жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жіберіледі. Қала әкімімен наградтауға ұсынылған материалдарды қарау қорытындысы бойынша Комиссияның оң нәтижесіне сәйкес Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі шешім қабылданады.
2 - тарау. Ақтау қаласының Құрмет грамотасының сипаттамасы
6. Құрмет грамотасы – беткі жағында Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті балакрон папка.
Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағазда дайындалады.
Қосымша бетшенің айқара ашылатын бетінің сол жағына ұлттық оюмен өрнектелген Ақтау қаласының рәмізі орналасады.
Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағыдай үстінде күн сәулесі аясында қалықтап ұшқан қыран, наградталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазу үшін орын қалдырылады.
Күн шұғыласымен, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Мәтіннің астында қала әкімінің қолы орналасады.
3 - тарау. Ақтау қаласының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі
7. Ақтау қаласының Құрмет грамотасымен көтермелеу туралы мәліметтер кадр қызметімен наградталушының еңбек кітапшасына және жеке ісіне енгізіледі.
8. Наградтау туралы мәліметтер Ақтау қаласының Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал қала әкімі аппаратының наградтау мәселесі жөніндегі маманында 5 жыл бойы сақталады, одан әрі қала әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.
9. Ақтау қаласының Құрмет грамотасын қала әкімі немесе оның орынбасарлары наградталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және қала активінің жиналыстарында салтанатты түрде табыс етеді.