Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 5/47 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 қыркүйекте № 24182 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ақтау қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы" 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/70 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3260 болып тіркелген);

      2) "Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/70 "Ақтау қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 27/285 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3969 болып тіркелген).

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы С. Закенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады