"Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 259 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шілдеде № 23678 болып тіркелді

      17 мамырдағы № 94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бейнеу ауданы әкімдігінің "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2017 жылғы 17 мамырдағы № 94 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Р. Шалбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лауазымы Аты-жөні

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  қаулысына қосымша
  Әкімдіктің 2017 жылғы
  17 мамырдағы
  № 94 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекен атауы

Орналасқан жері

1.

Ақжігіт ауылы

"Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы тақта

2.

Бейнеу ауылы

"Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамының №239900 Маңғыстау облыстық филиалы ғимаратының жанындағы тақта
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимаратының жанындағы тақта

3.

Боранқұл ауылы

орталық базардың жанындағы тақта
Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы тақта

4.

Есет ауылы

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы тақта 

5.

Сам ауылдық округінің Ноғайты ауылы
Сам ауылдық округінің Сам ауылы

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының жанындағы тақта
"Қазпошта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы ғимаратының жанындағы тақта

6.

Сарға ауылы

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы стенд

7.

Сыңғырлау ауылы

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы тақта

8.

Тәжен ауылы

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының жанындағы тақта

9.

Төлеп ауылы

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы стенд

10.

Тұрыш ауылы

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады