Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 47/472 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 4435 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 05-14-1726 ұсынысының негізінде, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3252 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданының құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Қуандық).

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ.Бүркітов
      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы А. Мееров

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 11 қаңтардағы № 47/472
  шешіміне қосымша
  Қарақия аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 9 желтоқсандағы
  № 6/75 шешімімен бекітілген

Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже

1 тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Құрмет грамотасымен ауданның экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін дамытудағы, білім беру саласындағы, әскери және өзге де мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері және жеке үлес қосқаны үшін азаматтар марапатталады.

      3. Құрмет грамотасымен марапаттала алмайды:

      1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;

      2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;

      4) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған әкімшілік жазалары бар тұлғалар. 

2 тарау. Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі

      4. Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныстар еңбек, шығармашылық ұжымдарымен, ауданның өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен ұсынылады.

      5. Марапаттау бетшесінде марапатталушының жеке басын сипаттайтын деректер, оның сол саладағы және ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер жазылады.       Марапаттау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысымен қол қойылады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.       Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар әкімдерінің және Қарақия ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің басшыларының марапаттау бетшесіне аудан әкімімен қол қойылады.

      6. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының атына еңбек ұжымының марапаттау бетшесі мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады.       Әрі қарай Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.

      7. Егер ұсынылған кандидат немесе марапаттау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, осы ұсыныс аудандық мәслихаттың сессиясында қарауға енгізілмейді.

      8. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Қарақия аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      9. Құрмет грамотасымен қайталап марапаттау жүргізілмейді.

      Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      10. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім кадр қызметімен марапатталушының еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.

      11. Марапаттау туралы мәліметтер Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал аудан әкімі аппаратының марапаттау мәселесі жөніндегі маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі аудан әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.

      12. Құрмет грамотасын аудан әкімі, аудандық мәслихаттың хатшысы марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында салтанатты түрде табыс етеді.

3 тарау. Қарақия ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      13. Құрмет грамотасы беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көк түсті балакрон папка.

      Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

      Қосымша бетшенің айқармасында сол жағынан ұлттық оюмен өрнектелген Қарақия ауданының символы орналасады.

      Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазу үшін орын қалдырылады.

      Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдары орналасады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады