Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 57 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 13 сәуірде № 4480 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3495 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшасы осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (М.Тулегенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Қылаубаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 12 сәуірдегі
  № 57 қаулысына 1 қосымша
  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 13 желтоқсандағы
  № 262 қаулысына 1 қосымша

Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Мекен-жайы, байланыс телефондары

1

Құрық ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 1 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құрық ауылы, 8(72937) 2-15-00

2

Мұнайшы ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

Мұнайшы ауылы, 8(72935) 28-3-73

3

Жетібай ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапханасының ғимараты

Жетібай ауылы, 8(72935) 26-0-23

4

Сенек ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Қашаған Күржіманұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сенек ауылы, 8(72937) 31-3-81

5

Бостан ауылдық округі

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін Қарақұдық мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бостан ауылы, 8(72937) 61-1-07

6

Құланды ауылдық округі

"Құланды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің акт залы

Құланды ауылы, 8(72937) 71-0-09

7

Болашақ ауылдық округі

"Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің акт залы

Болашақ ауылы, 8(72959) 42-1-10

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 12 сәуірдегі
  № 57 қаулысына 2 қосымша
  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 13 желтоқсандағы
  № 262 қаулысына 2 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Құрық ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 1 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд

2

Мұнайшы ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимаратындағы ақпараттық стенд

3

Жетібай ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапханасының ғимаратындағы ақпараттық стенд

4

Сенек ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Қашаған Күржіманұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд

5

Бостан ауылдық округі

Бостан ауылдық округінің саябақ алаңындағы ақпараттық стенд

6

Құланды ауылдық округі

Құланды ауылдық округінің саябақ алаңындағы ақпараттық стенд

7

Болашақ ауылдық округі

"Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады