Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 3495 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 28.09.2021 № 178 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 28.09.2021 № 178 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 11.01.2022 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. 3 қосымшаға сәйкес Қарақия ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.

      4. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Атадусов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарақия аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Атагараев Дюсенбай Айткалиевич

      13 желтоқсан 2017 жыл.

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 13 желтоқсандағы
  № 262 қаулысына 1 қосымша

Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 28.09.2021 № 178 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 13 желтоқсандағы
  № 262 қаулысына 2 қосымша

Қарақия ауданының аумағында барлық үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 28.09.2021 № 178 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 11.01.2022 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Елді мекеннің атауы

Орналасқан жері

1

Құрық ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 1 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы тақта

2

Мұнайшы ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы тақта

3

Жетібай ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапханасы ғимаратының жанындағы тақта

4

Сенек ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Қашаған Күржіманұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы тақта

5

Бостан ауылы

Бостан ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы тақта

6

Құланды ауылы

Құланды ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы тақта

7

Болашақ ауылы

"Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд


  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 13 желтоқсандағы
  № 262 қаулысына 3 қосымша

Қарақия ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 146 "Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2276 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдедегі № 30 "Қарақия" газетінде жарияланған) қаулысы;

      2. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 147 "Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негіздегі үй-жайларды беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2275 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдедегі № 30 "Қарақия" газетінде жарияланған) қаулысы;

      3. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 312 "Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №146 "Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3207 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;

      4. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 313 "Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №147 "Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негіздегі үй-жайларды беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3208 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады