Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/115 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 желтоқсанда № 26235 болып тіркелді

      Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3252 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы" Ереженің 13-тармағының үшінші бөлігі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қосымша бетшенің айқара ашылатын бетінің сол жағына ұлттық оюмен өрнектелген Қарақия ауданының символы орналасады."

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Қалаубай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады