Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 8/72 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26470 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қарақия ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 15 наурыздағы № 27/292 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелген) шешімі;

      2) "Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 27/292 "Қарақия ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 5 қазандағы № 44/443 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4319 болып тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Қалаубай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады