Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 сәуірдегі № 104 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 4504 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 01.12.2022 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 01.12.2022 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Сағым) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Тлеповке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі А. Косуаков

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 24 сәуірдегі № 104
  қаулысына 1 қосымша

Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. 1- қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 01.12.2022 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Форт-Шевченко қаласы, Ораз Бозахаров көшесі, 2/1 ғимаратқа қарама – қарсы

36

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Қарлығаш" дүкені

2

Баутин ауылы, Қ.Күржіманұлы көшесі, 12 үйдің алдында

48

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Тілек" дүкені

3

Баутин ауылы, Қ.Күржіманұлы көшесі, 39 үйдің оң жағында

24

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Альбина" дүкені

4

Баутин ауылы, А.Иманов көшесі, 16 үйге қарама-қарсы

24

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Бердіқожа", "Малика" дүкендері

5

Қызылөзен ауылы, І. Нысанбаев көшесі, 27 ғимараттың оң жағында

18

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Ақтаукоопсауда" дүкені

6

Ақшұқыр ауылы, Ә.Қожабергенов көшесі, 26 үйдің сол жағында

12

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Дильназ" дүкені

7

Ақшұқыр ауылы, Б.Қожашев көшесі, 93/3 ғимараттың сол жағында

12

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Мерей", "Аяжан" дүкендері

8

Сайын Шапағатов ауылдық округі, Б. Мейров көшесі, 66 үйдің оң жағында

48

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Нұр-Ислам" сауда кешені

9

Таушық ауылы, Т. Қағазов көшесі, 16 үйге қарама-қарсы

12

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Раяна" дүкені


  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 24 сәуірдегі № 104
  қаулысына 2 қосымша

      Ескерту. 2 - қосымша алынып тасталды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 01.12.2022 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады