Түпқараған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 сәуірдегі № 104 "Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 234 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 желтоқсанда № 30941 болып тіркелді

      Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы" Түпқараған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 сәуірдегі № 104 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4504 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 2 – тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2 – косымшасы алынып тасталсын.

      2.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі

      Р. Елтизаров

  Түпқараған ауданының әкімдігінің
  2022 жылғы 1 желтоқсандағы
  № 234 қаулысына қосымша
  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 24 сәуірдегі
  № 104 қаулысына 1 - қосымша

Түпқараған ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Форт-Шевченко қаласы, Ораз Бозахаров көшесі, 2/1 ғимаратқа қарама – қарсы

36

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Қарлығаш" дүкені

2

Баутин ауылы, Қ.Күржіманұлы көшесі, 12 үйдің алдында

48

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Тілек" дүкені

3

Баутин ауылы, Қ.Күржіманұлы көшесі, 39 үйдің оң жағында

24

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Альбина" дүкені

4

Баутин ауылы, А.Иманов көшесі, 16 үйге қарама-қарсы

24

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Бердіқожа", "Малика" дүкендері

5

Қызылөзен ауылы, І. Нысанбаев көшесі, 27 ғимараттың оң жағында

18

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Ақтаукоопсауда" дүкені

6

Ақшұқыр ауылы, Ә.Қожабергенов көшесі, 26 үйдің сол жағында

12

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Дильназ" дүкені

7

Ақшұқыр ауылы, Б.Қожашев көшесі, 93/3 ғимараттың сол жағында

12

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Мерей", "Аяжан" дүкендері

8

Сайын Шапағатов ауылдық округі, Б. Мейров көшесі, 66 үйдің оң жағында

48

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Нұр-Ислам" сауда кешені

9

Таушық ауылы, Т. Қағазов көшесі, 16 үйге қарама-қарсы

12

5

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату

"Раяна" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады