Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының "Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 26 маусымдағы № 45/338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4253 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы";
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Меңдіханов |
Түпқараған аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 4 қарашадағы № 8/48 | |
шешіміне 1-қосымша |
Түпқараған аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 26 маусымдағы | |
№ 45/338 шешіміне | |
1-қосымша |
Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. Форт-Шевченко қаласы, Бейменбет Маяұлы көшесі жанында орналасқан алаң;
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Форт-Шевченко қаласы, Ораз Бозахаров көшесінен Байбоз Қилыбайұлы көшесінің қиылысынан Бейменбет Маяұлы көшесінің қиылысына дейін;
3. Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы көшесі жанында орналасқан алаң;
4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Баутин ауылы, Захар Дубский көшесінен Қашаған Күржіманұлы көшесінің қиылысына дейін;
5. Қызылөзен ауылы, "Қызылөзен ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң. Сатыбалды Сисенбаев көшесі, № 3 ғимарат;
6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев көшесінен Ізтұрған Нысанбаев көшесінің қиылысына дейін;
7. Таушық ауылы, "Таушық ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң. Тұрар Жолдыбаев көшесі, № 41 ғимарат;
8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесінен Тұрар Жолдыбаев көшесінің қиылысына дейін;
9. "Ақшұқыр ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты жанындағы орналасқан алаң. Ақшұқыр ауылы, Әлқуат Қожабергенов көшесі, № 1/1 ғимарат;
10. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақшұқыр ауылы, Балажан Қожашова көшесінен Әлқуат Қожабергенов көшесінің қиылысына дейін;
11. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң, Мақаш Елубаев көшесі;
12. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесінің басынан, Мақаш Елубаев көшесімен қиылысына дейін.
Түпқараған аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 4 қарашадағы № 8/48 шешіміне | |
2-қосымша |
Түпқараған аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 26 маусымдағы | |
№ 45/338 шешіміне | |
2-қосымша |
Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын - сауық мәдени - бұқаралық, дене шынықтыру - сауықтыру, спорттық және өзге де іс - шараларды өткізу, құрылыс - монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай - ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4. Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы:
1) Форт - Шевченко қаласы, Бейменбет Маяұлы көшесі жанында орналасқан алаң, шекті толу нормасы - 250 адам;
2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Форт - Шевченко қаласы, Ораз Бозақаров көшесінен Байбоз Қилыбайұлы көшесінің қиылысынан Бейменбет Маяұлы көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы - 250 адам;
3) Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы көшесі жанында орналасқан алаң, шекті толу нормасы - 50 адам;
4) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Баутин ауылы, Захар Дубский көшесінен Қашаған Күржіманұлы көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы - 50 адам;
5) "Қызылөзен ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң. Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев көшесі, № 3 ғимарат, шекті толу нормасы - 40 адам;
6) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев көшесінен Ізтұрған Нысанбаев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы - 40 адам;
7) Таушық ауылы, "Таушық ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанында орналасқан алаң. Таушық ауылы, Тұрар Жолдыбаев көшесі, № 41 ғимарат, шекті толу нормасы - 100 адам;
8) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесінен Тұрар Жолдыбаев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы - 100 адам;
9) "Ақшұқыр ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты жанындағы орналасқан алаң. Ақшұқыр ауылы, Әлқуат Қожабергенов көшесі, № 1/1 ғимарат, шекті толу нормасы - 100 адам;
10) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:Ақшұқыр ауылы, Балажан Қожашова көшесінен Әлқуат Қожабергенов көшесінің қиылысынан дейін, шекті толу нормасы - 100 адам;
11) "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында орналасқан алаң,Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі, шекті толу нормасы - 50 адам;
12) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесінің басынан, Мақаш Елубаев көшесімен қиылысына дейін, шекті толу нормасы - 50 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Түпқараған ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9 - дан ерте бастауға және сағат 20 - дан кеш аяқтауға болмайды.
Түпқараған аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 4 қарашадағы № 8/48 шешіміне | |
3-қосымша |
Түпқараған аудандық мәслихатының | |
2020 жылғы 26 маусымдағы | |
№ 45/338 шешіміне | |
3-қосымша |
Түпқараған ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Түпқараған ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.