Әкімдіктің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 551 "Білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 425 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қыркүйекте № 24354 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 551 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8865 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы";

      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 3-қосымшасы алып тасталсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 8 қыркүйектегі
  № 425 қаулысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2019 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 551 қаулысына
  2 қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с №

Мамандықтар атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқу жылында 1 білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

2021 жыл

2022 жыл

1

01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

215

132,8

271,2

2

01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

305

132,8

271,2

3

01140500 Дене тәрбиесі және спорт

100

132,8

271,2

4

01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

25

132,8

271,2

5

01140800 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)

100

134,7

275,3

6

02120100 Интерьер дизайны *

30

145,4

297,7

7

02150100 Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)

35

385,8

782,1

8

02150200 Музыка теориясы

2

398,4

808,7

9

02150300 Вокалдық өнер*

2

398,4

808,7

10

02150400 Хорды дирижерлау

8

398,4

808,7

11

02151000 Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)

100

398,4

808,7

12

03220100 Кітапхана ісі

25

132,8

271,2

13

03220200 Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану

25

134,7

275,3

14

04110100 Есеп және аудит*

125

142,4

290,8

15

04130200 Логистика (салалар бойынша)

25

134,7

275,3

16

04140100 Маркетинг (салалар бойынша)

100

134,7

275,3

17

04130100 Менеджмент (қолдану салалары бойынша)

25

134,7

275,3

18

06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)*

50

142,4

290,8

19

06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)*

150

134,7

275,3

20

07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)

50

153,1

313,3

21

07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

125

153,1

313,3

22

07130400 Жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша)

25

145,4

297,7

23

07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)

175

145,4

297,7

24

07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

50

134,7

275,3

25

07140500 Сандық техника (түрлері бойынша)

50

134,7

275,3

26

07140700 Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару

25

134,7

275,3

27

07150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

75

145,4

297,7

28

07150300 Токарлық іс (түрлері бойынша)*

25

145,4

297,7

29

07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)*

125

153,1

313,3

30

07150700 Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер

25

145,4

297,7

31

07151100 Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша)*

25

145,4

297,7

32

07151300 Қара металдар металлургиясы

25

145,4

297,7

33

07160500 Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

50

145,4

297,7

34

07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану*

170

145,4

297,7

35

07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру*

175

142,4

290,8

36

07210100 Ет және ет өнімдерін өндіру*

25

145,4

297,7

37

07210200 Сүт және сүт өнімдерін өндіру*

25

145,4

297,7

38

07210300 Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі*

75

145,4

297,7

39

07211200 Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі

25

145,4

297,7

40

07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу*

53

193,5

395,8

41

07240200 Маркшейдерлік ісі

25

145,4

297,7

42

07240300 Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу

75

145,4

297,7

43

07240500 Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)

25

145,4

297,7

44

07240600 Жер асты құрылымдарының құрылысы

25

145,4

297,7

45

07310100 Архитектура

25

145,4

297,7

46

07310200 Геодезия және картография

25

145,4

297,7

47

07310300 Жерге орналастыру

25

134,7

275,3

48

07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану*

237

177,2

362,3

49

07320700 Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану

50

145,4

297,7

50

07321100 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану*

20

145,4

297,7

51

07321200 Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану*

50

145,4

297,7

52

07880100 Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)

25

132,8

271,2

53

08110100 Агрономия*

75

142,4

290,8

54

08110500 Зоотехния*

50

142,4

290,8

55

08210100 Орман шаруашылығы (түрлері бойынша)*

25

134,7

275,3

56

08410100 Ветеринария*

50

142,4

290,8

57

09120100 Емдеу ісі

125

586,5

685,8

58

09130100 Мейіргер ісі

300

586,5

685,8

59

09130200 Акушерлік іс

25

586,5

685,8

60

09140100 Лабораториялық диагностика

25

586,5

685,8

61

09160100 Фармация

25

586,5

685,8

62

09230100 Әлеуметтік жұмыс

50

134,7

275,3

63

10120100 Шаштараз өнері*

75

145,4

297,7

64

10120200 Эстетикалық косметология

25

145,4

297,7

65

10130100 Қонақ үй бизнесі*

25

134,7

275,3

66

10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру*

275

153,1

313,3

67

10410200 Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

75

145,4

297,7

68

10410300 Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

25

145,4

297,7

      Ескертпе:

      *ерекше білім беру қажеттіліктері бар азаматтар қатарынан кадрлар даярлау мүмкін болатын мамандық.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады