Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 418 "Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 475 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24890 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 418 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6642 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 19 қазандағы
  № 475 қаулысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2016 жылғы 5 қыркүйектегі
  № 418 қаулысына
  1-қосымша

Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары

Р/с №

Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Тұтыну нормалары

1

Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда

бір адамға шаққандағы текше метр

13,3

2

Пәтерде газ плитасы және газдық суқыздырғыш болған жағдайда (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда)

бір адамға шаққандағы текше метр

25,8

3

Пәтерде газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газдық суқыздырғыш болмаған жағдайда

бір адамға шаққандағы текше метр

15,5

4

Тұрғын үй-жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жеке (пәтер бойынша) жылыту

бір шаршы метрге шаққандағы текше метр

14


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады