2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарды және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 476 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24910 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 20 қазандағы
  № 476 қаулысына
  қосымша

2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Р/с №

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Алушыларға қойылатын өлшемшарттар

Өтінімді беру мерзімдері

1

Ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

бас

15 000

1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорында тіркелуінің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) меншікті аналық мал басының (сиырлар мен 18 айдан асқан қашарлар) болуы;
3) жер учаскесін жем-шөп дақылдарына және (немесе) шабындық (шөп шабатын) алқаптарға (егістіктер, шабындықтар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар), оның ішінде бірлескен қызмет шарты бойынша бөлу туралы акт

ағымдағы жылдың 5 қарашадан 15 желтоқсанына дейін

2

Ұсақ малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

бас

2 500

1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорында тіркелуінің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) меншікті қой/ешкінің аналық басының болуы (12 айдан асқан);
3) жер учаскесін жем-шөп дақылдарына және (немесе) шабындық (шөп шабатын) алқаптарға (егістіктер, шабындықтар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар), оның ішінде бірлескен қызмет шарты бойынша бөлу туралы акт

ағымдағы жылдың 5 қарашадан 15 желтоқсанына дейін

3

Жылқылар мен түйелердің аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

бас

10 000

1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорында тіркелуінің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) меншікті аналық басының болуы (36 айдан асқан);
3) жер учаскесін жемшөп дақылдарына және (немесе) шабындық (шөп шабатын) алқаптарға (егістіктер, шабындықтар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар), оның ішінде бірлескен қызмет шарты бойынша бөлу туралы акт

ағымдағы жылдың 5 қарашадан 15 желтоқсанына дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады