Әкімдіктің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 88 "2021 жылға арналған тыңайтқыштарға субсидиялардың тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 502 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қарашада № 25121 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "2021 жылға арналған тыңайтқыштарға субсидиялардың тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" 2021 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі тақырып жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2021 жылға арналған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы";

      мемлекеттік тілдегі 1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тізбесі мен субсидиялар нормалары;";

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

      реттік нөмірі 90-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 474, 475, 476 және 477-жолдармен толықтырылсын:

      "

474

"Торфопродукт Азот" маркалы "Торфопродукт" органикалық минералды кешені

гумин қышқылдары, кемінде 0,1 Азот (N) 10

литр

925,00

475

"Торфопродукт Бор" маркалы "Торфопродукт" органикалық минералды кешені

гумин қышқылдары, кемінде 0,1 Бор (В) 0,45

литр

950,00

476

ИНТЕРМАГ ЗЕРНОВЫЕ (INTERMAG ZBOZA) минералды тыңайтқышы

N-15%, N-NH2-15,0%, MgO-2,0%, SO3-4,5%, Fe(EDTA)-0,8%, Mn (EDTA)-1,1%, Cu (EDTA)- 0,9%, Zn (EDTA)-1,0%, Mo-0,005%, Ti-0,02%

литр

471,14

477

ОПТИСИЛ (OPTYSIL) минералды тыңайтқышы

SiO2-16,5%, Fe-EDTA-2,0%

литр

2 013,33

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады