Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 687 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 9864 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатыныстары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 16 сәуірдегі
  № 687 қаулысына
  қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

      1. Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 16-үй, жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 83 (сексен үш) теңге мөлшерінде;

      2. Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 50-үй, жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 129 (жүз жиырма тоғыз) теңге мөлшерінде;

      3. Қостанай қаласы, Дмитрий Герасимов көшесі, 8-үй, жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 73 (жетпіс үш) теңге мөлшерінде;

      4. Қостанай қаласы, Дмитрий Герасимов көшесі, 10-үй, жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 72 (жетпіс екі) теңге мөлшерінде;

      5. Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы, 32-үй, жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 72 (жетпіс екі) теңге мөлшерінде;

      6. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 20-үй, жалпы алаңның бір шаршы метрі үшін айына 61 (алпыс бір) теңге мөлшерінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады