Әкімдіктің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 578 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін барлық кандидаттарға үй-жайлар ұсыну туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 822 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шілдеде № 23609 болып тіркелді

      Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін барлық кандидаттарға үй-жайлар ұсыну туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы № 578 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7098 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға үшін орындарды белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Рудный қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.

      2. "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі К. Испергенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Рудный қалалық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 19 шілдедегі
  № 822 қаулысына
  қосымша
  Әкімдігінің
  2017 жылғы 10 мамырдағы
  № 578 қаулысына
  1 қосымша

Барлық кандидаттарға үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға үшін орындар

      1. Рудный қаласы:

      Ленин көшесі:

      № 46 үй маңындағы тұғырлық;

      № 56 құрылыс маңындағы тұғырлық;

      № 93 үй маңындағы тұғырлық;

      № 187а үй маңындағы тұғырлық;

      № 153 үй маңындағы тұғырлық;

      50 лет Октября көшесі, № 98 үй маңындағы тұғырлық;

      П. Корчагин көшесі:

      № 94 үй маңындағы тұғырлық;

      № 100 үй маңындағы тұғырлық;

      Н.Ф. Сандригайло көшесі, № 63 үй маңындағы тұғырлық;

      Комсомол даңғылы, № 20/1 құрылыс маңындағы тұғырлық;

      Садовая көшесі, № 16 үй маңындағы тұғырлық;

      Молодая Гвардия көшесі, № 30а үй маңындағы тұғырлық.

      2. Қашар кенті:

      2-шағын аудан, № 72 үй маңындағы тұғырлық;

      1-шағын аудан, № 84 үй маңындағы тұғырлық.

      3. Горняцк кенті, Академик Сәтпаев көшесі, № 24 үй маңындағы тұғырлық.

      4. Перцев ауылы, Юбилейная көшесі, № 38 құрылыс маңындағы тұғырлық.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады