Лисаков қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 шілдедегі № 246 "Лисаков қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 114 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 6 мамырда № 10458-10 болып тіркелді

      Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаков қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2021 жылғы 26 шілдедегі № 246 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23807 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады