Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 610 "Лисаков қаласының жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 509 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 желтоқсанда № 25860 болып тіркелді

      Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаков қаласының жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тарифтері туралы" 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 610 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Лисаков қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифін белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Лисаков қаласы бойынша жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тариф 150 теңге мөлшерінде белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 2-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Лисаков қалалық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады