Алтынсарин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 168 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25734 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 24.04.2025 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 24.04.2025 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алтынсарин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. Самидосов

  Алтынсарин
  ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 3 желтоқсандағы
  № 168 қаулысына
  қосымша

Алтынсарин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 24.04.2025 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Танабай ауылы, Ленин көшесі, № 6 үйдің оң жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

2

Воробьевка ауылы, Школьная көшесі, № 10 үйдің оң жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

3

Докучаевка ауылы, Первомайская көшесі, № 1 үйдің оң жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

4

Шоқай ауылы, Школьная көшесі, № 17 үйдің оң жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

5

Ілияс Омаров атындағы ауылы, Ленин көшесі, № 3 үйдің сол жағында 10 метр

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

6

Жаңасу ауылы, Лесная көшесі, № 11 үйдің сол жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

7

Свердловка ауылы, Мир көшесі, № 3 үйдің оң жағында 10 метр

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

8

Новоалексеев ауылы, Ленин көшесі, № 46 үйдің сол жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

9

Приозерный ауылы, Ленин көшесі, № 25 үйдің сол жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

10

Большая Чураковка ауылы, Почтовая көшесі, № 7 үйдің сол жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

11

Первомайское ауылы, Луговая көшесі, № 29 үйдің сол жағында 10 метр

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

12

Щербаков ауылы, Мәриям Хәкімжанова көшесі, № 48 үйдің сол жағында 10 метр

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

13

Силантьев ауылы, Ленин көшесі, № 21 үйдің оң жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

14

Зуевка ауылы, Школьная көшесі, № 6 үйдің оң жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ

15

Красный Кордон ауылы, Парковая көшесі, № 1Б үйдің оң жағында

20 шаршы метрден

5 жыл

азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады