Әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 201 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 66 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 мамырда № 9898 болып тіркелді

      Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2020 жылғы 30 қарашадағы № 201, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9605 болып тіркелген қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын, осы қаулының қосымшасына сәйкес.";

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Теменов

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 28 сәуірдегі
  № 66 қаулысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2020 жылғы 30 қарашадағы
  № 201 қаулысына
  1-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық аурухананың басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

      4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      5) акушер;

      6) диеталық мейіргер;

      7) тіс дәрігері (дантист);

      8) мейіргер;

      9) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      10) зертханашы (медициналық);

      11) провизор (фармацевт);

      12) психолог маман;

      13) рентген зертханашысы;

      14) әлеуметтік қызметкер;

      15) фельдшер;

      16) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

      17) медициналық тіркеуші;

      18) зертхана маманы.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      8) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.

      3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) аккомпаниатор;

      5) библиограф;

      6) кітапханашы;

      7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      9) музыкалық жетекші;

      10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      11) хореограф;

      12) қазақ, орыс, ағылшын тілдері мұғалімі.

      4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) әдіскер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады