Әкімдіктің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 74 "Әулиекөл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 186 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25494 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Әулиекөл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 15 наурыздағы № 74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6943 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі Е. Теменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады