Жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға арналған тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 121 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 мамырда № 9915 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жітіқара – Пригородный – Жітіқара" ауданішілік қатынаста жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдаудың тарифі 1 (бір) километрге 7 (жеті) теңге болып белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Утегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады