Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24373 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 01-20/374 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 59-үй бойынша орналасқан Ж.С. Аметовтың жеке ауласының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 9 маусымдағы № 7, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23043 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі Т. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады