Жітіқара ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 284 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда № 25806 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 30.04.2025 № 127 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жітіқара ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Утегенов

      Жітіқара ауданы әкімдігінің

      2021 жылғы 8 желтоқсандағы

      № 284 қаулысына

      қосымша

      Жітіқара ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 30.04.2025 № 127 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Орналасқан орны

Алып жатқан алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын маңдағы инфрақұрылым

1

Жітіқара қаласы, В.И. Ленин көшесі, Тәуелсіздік алаңына қарама-қарсы

100

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері "Универмаг", "Катюша" дүкендері, қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

2

Жітіқара қаласы, Пионерская көшесі, Горняк стадионына қарама-қарсы

75

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

3

Приречный ауылы, Днепропетровская көшесі, № 7 А құрылысқа қарама-қарсы

25

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері "Азия" дүкені, қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

4

Степной ауылдық округі, Аққарға ауылы, Абай көшесі, № 3 құрылысқа қарама-қарсы

25

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

5

Чайковский ауылы, Клубная көшесі, № 11 құрылысқа қарама-қарсы

15

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

6

Мүктікөл ауылдық округі, Мүктікөл ауылы, Ленин көшесі, № 6 құрылысқа қарама-қарсы

15

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

7

Степной ауылдық округі, Степной ауылы, Минская көшесі, № 12/1 құрылысқа қарама-қарсы

25

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

8

Тоқтаров ауылдық округі, Тоқтаров ауылы, Комсомольская көшесі, № 5 құрылысқа қарама-қарсы

15

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

9

Тоқтаров ауылдық округі, Львов ауылы, Центральная көшесі, № 3 және № 4 құрылыстар арасында

15

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

10

Забелов ауылы, Комсомольская көшесі, № 64 құрылысқа қарама-қарсы

20

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері "У Светланы", "Алина" дүкендері, қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

11

Милютин ауылы, Рабочая көшесі, № 101 құрылысқа қарама-қарсы

20

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері "Азық түлік" дүкені, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері асхана

12

Ырсай ауылы, Школьная көшесі, № 17 құрылысқа қарама-қарсы

25

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

13

Большевик ауылдық округі, Тургенов ауылы, Комсомольская көшесі, № 15 В құрылысқа қарама-қарсы

25

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

14

Пригородный ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 11 құрылысқа қарама-қарсы

25

5 жыл

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады