Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жітіқара ауданы әкімдігінің "Жітіқара ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 284 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25806 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | А. Жаныспаев |
Жітіқара ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы 30 сәуірдегі | |
№ 127 қаулысына | |
қосымша | |
Жітіқара ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 8 желтоқсандағы | |
№ 284 қаулысына | |
қосымша |
Жітіқара ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Орналасқан орны | Алып жатқан алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Қызмет саласы | Жақын маңдағы инфрақұрылым |
1 | Жітіқара қаласы, В.И. Ленин көшесі, Тәуелсіздік алаңына қарама-қарсы | 100 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері "Универмаг", "Катюша" дүкендері, қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
2 | Жітіқара қаласы, Пионерская көшесі, Горняк стадионына қарама-қарсы | 75 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
3 | Приречный ауылы, Днепропетровская көшесі, № 7 А құрылысқа қарама-қарсы | 25 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері "Азия" дүкені, қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
4 | Степной ауылдық округі, Аққарға ауылы, Абай көшесі, № 3 құрылысқа қарама-қарсы | 25 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
5 | Чайковский ауылы, Клубная көшесі, № 11 құрылысқа қарама-қарсы | 15 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
6 | Мүктікөл ауылдық округі, Мүктікөл ауылы, Ленин көшесі, № 6 құрылысқа қарама-қарсы | 15 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
7 | Степной ауылдық округі, Степной ауылы, Минская көшесі, № 12/1 құрылысқа қарама-қарсы | 25 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
8 | Тоқтаров ауылдық округі, Тоқтаров ауылы, Комсомольская көшесі, № 5 құрылысқа қарама-қарсы | 15 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
9 | Тоқтаров ауылдық округі, Львов ауылы, Центральная көшесі, № 3 және № 4 құрылыстар арасында | 15 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
10 | Забелов ауылы, Комсомольская көшесі, № 64 құрылысқа қарама-қарсы | 20 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері "У Светланы", "Алина" дүкендері, қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
11 | Милютин ауылы, Рабочая көшесі, № 101 құрылысқа қарама-қарсы | 20 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері "Азық түлік" дүкені, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері асхана |
12 | Ырсай ауылы, Школьная көшесі, № 17 құрылысқа қарама-қарсы | 25 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
13 | Большевик ауылдық округі, Тургенов ауылы, Комсомольская көшесі, № 15 В құрылысқа қарама-қарсы | 25 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |
14 | Пригородный ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 11 құрылысқа қарама-қарсы | 25 | 5 жыл | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ |