Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 9716 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына сәйкес Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан - Актөбе облысы" (әуе желісі - 500 киловольт Жітіқара - Өлке) объектісі бойынша өңіраралық электр таратудың желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі Львов ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,1995 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес "Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тоқтаров ауылдық округінің әкімі А. Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады