2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы" (әуе желісі-500 киловольт Жітіқара-Өлке) объектісі бойынша өңіраралық электр таратудың желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қамысты ауданының Адаевка ауылдық округі Пушкин ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,1599 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | К. Кушкинбаев |