"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6910 болып тіркелген) № 37 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданының әкімі | В. Радченко |