Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 227 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 746 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 қазанда № 24598 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабы 8 - тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 227, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7056 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Қостанай ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі Ж. Таукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады