Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 28.04.2022 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 наурыздағы № 239 шешіміне (2014 жылғы 15 мамырда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4639 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырып өзгермейді:
"Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Тишбаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ж. Байбулатова |
Mәслихаттың 2021 жылғы 12 ақпандағы № 10 шешіміне қосымша |
|
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 239 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округінің Теңіз ауылының тұрғындарына | 79 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Теңіз ауылдық округінің Новониколаевка ауылының тұрғындарына | 6 |