Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 386 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 83 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 желтоқсанда № 25695 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 55 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 23.11.2023 № 55 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).

      Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 386 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9459 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) барлық санаттағы мүгедектерге, олардың санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүруімен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 5 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;";

      7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;";

      14-тармақ 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Кұжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Г. Абенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады