Бейімбет Майлин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 166 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 қыркүйекте № 24243 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі К. Муржакупов

  Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 2 тамыздағы
  № 166 қаулысына
  қосымша

Бейімбет Майлин ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасқан орны

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым

1

Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі, Асенкритов ауылы, Аятская көшесі, № 59 тұрғын үйге қарама-қарсы

5 шаршы метрден
1 орын

5 жыл

азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

2

Бейімбет Майлин ауданы, Белинский ауылдық округі, Қайындыкөл ауылы, Белинская көшесі, № 2 үйдің жанында

5 шаршы метрден
1 орын

5 жыл

азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

3

Бейімбет Майлин ауданы, Калинин ауылдық округі, Береговое ауылы, Московская көшесі, № 34 үйдің жанында

5 шаршы метрден
1 орын

5 жыл

азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

4

Бейімбет Майлин ауданы, Май ауылдық округі, Май ауылы, 60 лет Октября көшесі, 25/1 ғимаратының жанында

5 шаршы метрден
1 орын

5 жыл

азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

5

Бейімбет Майлин ауданы, Набережный ауылдық округі, Елизаветинка ауылы, Майлин көшесі, № 2 үйдің жанында

5 шаршы метрден
1 орын

5 жыл

азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

6

Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Новоильинов ауылдық округі, Новоильновка ауылы, Школьная көшесі, № 35 "а" ғимаратының жанында

5 шаршы метрден
1 орын

5 жыл

азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

7

Бейімбет Майлин ауданы, Павлов ауылдық округі, Павлов ауылы, Центральная көшесі, № 39 үйінің жанында

5 шаршы метрден
1 орын

5 жыл

азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

8

Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 78 үйінің жанында және Жабағы Батыр көшесі 77

5 шаршы метрден
2 орын

5 жыл

азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ

9

Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл кенті, Станционная көшесі, № 6 үйінің жанында

5 шаршы метрден
1 орын

5 жыл

азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады