Әкімнің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 1 "Евгенов ауылының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 9759 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 4 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 437 бірлескен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8743 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімнің "Евгенов ауылының көшелеріне атау беру туралы" 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 1 шешіміне (2012 жылғы 21 маусымда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-168 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "Евгенов ауылы" сөз тіркесі "Павлов ауылдық округінің әкімі" деп ауыстырылсын.

      2. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі Т. Кузембаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады