Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 47 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 13 сәуірде № 9858 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 06.03.2025 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы каулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 06.03.2025 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 19 маусымдағы № 76, қаулысының күші жойылды деп танылсын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8547 болып тіркелген және Ұзынкөл ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2019 жылғы 19 маусымдағы № 76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 28 мамырдағы № 87, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9230 болып тіркелген қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ұзынкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі М. Сандыбаев

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 12 сәуірдегі
  № 38 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 06.03.2025 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) хормейстер;

      3) концертмейстр;

      4) кітапханашы;

      5) библиограф;

      6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      7) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі;

      8) музыкалық жетекші.

      3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) әдіскер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады